12 қаңтар 2022 16:42

Жамбыл облысында тағы 26 адам ұсталып, 13 қару тәркіленді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тағы 26 адам ұсталып, 13 қару-жарақ тәркіленді. Осы дерек бойынша қазір 11 қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК облыстық департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталғандардан 7 Калашников автоматын, 3 тапанша, 3 пышақ, 100 оқ-дәрі тәркілеген.

Облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар саны шамамен 2000 мыңға жуық екені айтылды. Бүгінде 400-ге жуығы полицияға жеткізілген. Бүлік кезінде 287 адам түрлі жарақат алып, 42 адам ауруханаға түскен.

"Жедел іс-шара нәтижесінде ұсталғандардың 31-і сот шешімі бойынша қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардан 97 қару-жарақ тәркіленді. Олардың 142-сіне әкімшілік іс қозғалды. Соның ішінде 110 адам 15 тәулікке қамаққа алынып, 9-ына айыппұл салынды, сондай-ақ, 23-не ескерту берілді", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети