10 қазан 2022 13:21

Қазақстанға ТМД аумағында ұрланған 200 көлік әкелінген - ІІМ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қылмыскерлер ТМД елдерінде ұрланған автокөліктерді Қазақстанға әкеледі. Елімізде осындай 200 көлік анықталған. Бұл туралы ІІМ өкілдері брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қылмыскерлер ТМД елдерінде ұрланған автокөліктерді Қазақстанға әкеледі. Елімізде осындай 200 көлік анықталған. Бұл туралы ІІМ өкілдері брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайталама нарықтағы автокөліктердің негізгі бөлігі Қазақстанға таяу шет елдерден, негізінен Ресейден әкелінеді. Бұл жағдайды қылмыстық элементтер елімізге автокөлік құралдарын жеткізуді ұйымдастыру үшін пайдалануға тырысады", - деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов.

Ол бұл мәселе бойынша Ішкі істер министрлігі ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен тығыз ынтымақтастықта екенін айтты.

"Кейінгі 5 жылда ТМД елдерінде Қазақстанда ұрланған 50-ден аса автокөлік табылды. Өз кезегінде біздің елімізде ТМД аумағында ұрланған 200-ге жуық автокөлік табылды", - деді Нұрсейітов.

Жыл басынан бері оның айтуынша, елде 909 көлік ұрланған, оның 775-і табылған және заңды иелеріне қайтарылған немесе 85,3 пайызы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети