26 қазан 2017 17:40

Назерке Әріптің өлімі: Жантүршігерлік қылмысы үшін сотталған күдікті түрмеден қалайша ерте босап шыққан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғарғы соттың өкілдері 18 жастағы алматылық түлекті өлтірді деген күдіктінің соттылығы туралы мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында Алматы қалалық прокуратурасы ер адамның әр жылдары бұзақылық, зорлау, тонау және кісі өлтіру қылмыстары үшін жаза алғанын хабарлаған еді. Прокуратураның мәліметінше, 2009 жылдың 10 ақпанында ер адам кісі өлтіргені үшін түрмеге тоғытылған. Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда ол жаза мерзімінің жартысын өтеген соң, бостандыққа шығарылған. 

Ақпарат порталының редакциясы бұл мәселенің анық-қанығын анықтау үшін ҚР Жоғарғы сотына сауалхат жолдады. 

Жоғарғы соттың баспасөз қызметіндегілер сотталушының бұдан ертеде сотты болғанын растады. 

"Исхаков Курбан Ахтемович адам зорлағаны үшін жазаланбаған. 2005-2009 жылдар аралығында ол ұрлап кету мақсатынсыз мотоциклді иеленгені және ұялы телефонды кәмелет жасына толмаған балдан жымқырғаны үшін шартты түрде сотталған. 2009 жылы К.А.Исхаков кісі өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, күдіктінің түзету мекемесінен заңды негізбен босап шыққаны айтылады: мекеме әкімшілігінің бірнеше рет берген жағымды мінездемесі мен мадақтауы болған. 

"Қылмыстық заңнама бойынша, тағайындалған жазаның үштен бір бөлігін өтеген соң мекеме әкімшілігінен жағымды мінездемесі болып және мадақтама айтылған соң сот К.А.Исхаковты пробациялық бақылау орната отырып, мерзімінен бұрын шартты түрде босатты", - делінген ҚР Жоғарғы сотының жауабында.

Еске сала кетейік, қыз биыл медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған болатын. Талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады. Назерке Әріп - биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10 шілдеде жоғалғанын айтты. 

Ал 6 қыркүйекте ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылған еді. "Ол жеке меншік жүргізуіші, сол күні қызды алып кетіп, қорлап, қылғындырған. Қылмысын жасыру мақсатында қыздың денесін зираттың маңына қалдырып кеткен. Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол осы уақытқа дейін жасырынып жүрді, бірақ оның аты-жөнін бірден анықтадық", - деп хабарлаған еді Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин. Ер адам өз кінәсін мойындап отыр екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети