23 қыркүйек 2015 09:44

ОҚО тұрғындары жол апатына ұшыраған жүк көлігінің жүргізушісін өлімші етіп сабады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рабат ауылының тұрғындары 21 қыркүйек күні жол апатына ұшыраған жүк көлігінің 47 жастағы жүргізушісін ұрып-соққан. Бұл туралы TVK телеарнасына жәбірленушінің өзі айтып берді. Айта кетейік, жол апатының салдарынан бір жарым жасар бала оқиға болған жерде қаза тапқан еді.


Рабат ауылының тұрғындары 21 қыркүйек күні жол апатына ұшыраған жүк көлігінің 47 жастағы жүргізушісін ұрып-соққан. Бұл туралы TVK телеарнасына жәбірленушінің өзі айтып берді. Айта кетейік, жол апатының салдарынан бір жарым жасар бала оқиға болған жерде қаза тапқан еді.

"Тежегішім істемей қалды. Жоғары жылдамдықпен төмен түсіп келе жатқан едім. Осы уақытта жолдан сиырлар өтіп бара жатты. Мен ештеңе істей алмадым. Сондықтан да көлік бірнеше автомобильді іліп әкетті. Сосын кабинадан шығып кеттім, не істерімді білмедім. Барлығын түсіндіргім келген. Дегенмен осы уақытта екі немесе үш жігіт маған тап берді, құжаттарымды әкетті. Ары қарай не болғаны есімде жоқ", - деді Ұлықбек Жүнісов.

Соққының салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ауыл тұрғындары жазаға тартыла ма, жоқ па, әзірше белгісіз.


Жәбірленуші Ұлықбек Жүнісов © Tvk-uko.kz

Еске сала кетейік, жол апаты Жібек жолы трассасында болды. Жүк көлігі Қазығұрттан Шымкентке бағыт алған болатын. Осы кезде жолдың бойымен сиырлар өтеді. Бірнеше автомобиль тежеуішті басқанымен, бірнеше тонна болатын жүк көлігінің тежеуіші осы кезде істен шығып, екі сиырды қағып кетеді. Кейін автомобильдерге соғылады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жарым жасар қыз қаза тауып, 22 адам ауруханаға жеткізілді. Төрт адам ауруханаға жатқызылды, олардың бірі қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне қайтарылды.


© tvk-uko.kz


Студент Ұлбике Нышанбай жабық бассүйек-ми жарақатын алды. © tvk-uko.kz 


© tvk-uko.kz


Қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сайбит Байбосынов. © tvk-uko.kz 


© tvk-uko.kz


© tvk-uko.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети