26 наурыз 2022 13:32

Оралда өгей қызын зорлаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Оралда ер адам өгей қызын бірнеше рет зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы "НеМолчи.kz" қорының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда ер адам өгей қызын бірнеше рет зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы "НеМолчи.kz" қорының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оралда тағы бір қайғылы жағдай, әкесі өгей қызын зорлаған, тіпті оны әйелі перзентханаға кеткен кезде жасаған. Оның бәріне қыздың сіңлісі де куә болған екен", - делінген жазбада. 

Жазба авторларының сөзінше, бүгінде ер адам көлікті мас күйде айдағаны үшін қамауға алынған. Бірақ ол бірнеше күннен кейін үйіне оралады. Қор өкілдері қыздар мен анасының өміріне қауіп төне ме деп қорқады.

"Балаларды құрметтейтін кез келген елде ендігі психологиялық тұрғыдан, анасына көмек көрсету жағынан шара қабылдайтын еді. Күдікті қамауға алынар еді, себебі айыптауларға дәлел бар, бірақ біздің балаларды қорғау жүйемізде әдеттеніп қалған бір әрекет бар, ол: бастапқыда бала мен анасына сенбей, резонанс туғаннан кейін жұмыс істей бастайды", - жазба авторы.  

Жазбаға БҚО прокуратурасы пікір білдірді. Құзырлы орган жәбірленуші қыздың анасының арыы бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.  

"Тергеу амалдары арқылы күдікті өгей қызын 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 наурызы аралығында анасы үйде жоқ кезде зорлағаны анықталды. 25 наурызда күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Іс материалдары күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын одан әрі қолдау және санкциялау үшін тергеу сотына жіберілетін болады. Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды, психологтар жас жәбірленушімен жұмыс істейді", - деді өңірдің прокуратура өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети