01 наурыз 2021 16:31

Өз баласын оңдырмай сабаған петропавлдық әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: sadsha.ru Фото: sadsha.ru

Петропавлда үш жасар қызды оңдырмай сабаған әйелдің ісі қайта қаралды. Баланың анасы 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Петропавлда үш жасар қызды оңдырмай сабаған әйелдің ісі қайта қаралды. Баланың анасы 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының полициясы үш жасар қыздың өліміне қатысты іс қайта сараланғанын хабарлады.

"Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына біле тұра ауыр зиян келтіру дерігі бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қыздың қайтыс болуына байланысты іс ҚР ҚК-ның 106-бабы 3-бөлігіне қайта сараланды, онда 8-ден 12 жасқа дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", - деп хабарлады СҚО полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Баланың 22 жастағы анасы іс бойынша күдікті ретінде тергеу изоляторында отыр.

Құқық қорғау органдары тергеу Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті мен прокуратура басшылығының ерекше бақылауында екенін айтты.

Айта кетейік, үш жасар қыз 27 ақпанда қайтыс болғаны хабарланған еді. Ол 17 қаңтарда ес-түссіз күйінде ауыруханаға түсті. Бұл туралы полицияға дәрігерлер хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети