14 маусым 2021 17:09

Петропавлда баласын өлгенше сабаған анаға қатысты сот отырысы басталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Петропавлда кішкентай қызын өлгенше сабаған анаға қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Петропавлда кішкентай қызын өлгенше сабаған анаға қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СҚО-ның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында халық арасында резонанс тудырған іс бойынша сот талқылауы өтті. Әйелге "үш жастағы қызын ұрып-соқты, нәтижесінде нәресте қаза болды" деп айып тағып отыр.

Сот отырысында үш жасар Александра Захарованың әкесі анықталмағаны белгілі болды. Туған анасы баласынан бас тартып, оны балалар үйіне қалдырып кеткен. Әйелдің алыс туыстары бұл туралы естіп, қызды өз қамқорлығына алған. Сәбидің аты-жөнін ауыстырып, тіпті заңды түрде асырап алуды ойлаған.

Бірнеше жылдан кейін, 2020 жылдың желтоқсанында баланың анасы қызы қайтарып алған.

"Аналық сезімі оянды деп ойладық. Бізге бұл жағдай ауыр болды. Жұбайым бір күн сайын барып, қызды көріп тұратын", - дейді жәбірленуші Виталий Захаров.

Виталий Захаров құжаттарда баланың әкесі ретінде көрсетілген. Бірақ ол қыздың туған әкесі емес екенін айтты.

Қаңтарда нәресте ауруханаған реанимация бөліміне түскен.

"Бізді ауруханаға шақырды. Өйткені ол жерде жиі болатынбыз және бәрі бізді танитын. Олар баланың реанимацияда жатқанын айтты. Бала ес-түссіз болды", - дейді Виталий Захаров.

Айыптау актісіндегі ақпарат бойынша, анасы баланы жүйелі түрде ұрғаны белгілі болды. Оның денесінде ісіген және көгерген іздер болған. 2020 жылдың 29 желтоқсанында анасы қызды итеріп жібергенде ол шойынға басын соққан. Қаңтарда ол баланың арқасынан, санынан және басынан ұрып, сабаған. Сондай-ақ, айыптау актісінде 17 қаңтарда әйел қызын алақанымен ұрғаны, бесіктен құлаған сәби басын соғып, есінен танып қалғаны жазылған.

Бір айдан кейін бала қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама қортындысына сәйкес, өлімнің себебі жабық ми жарақатынан болған.

Айыпталушы жасаған ісіне өкінетінін айтты. Қазіргі уақытта ол 22 жаста, жұмыс істемейді, бұрын сотталмаған.

Баланың анасына 3 бап бойынша айып тағылып отыр: ҚР ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 140-бабы 2-бөлігі және ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі.

Бірінші отырыста жәбірленуші мен куәлардан жауап алынды, 23 маусымда жауап алу жалғасады.

Еске салайық, 27 ақпанда анасынан таяқ жеген нәресте есін жимастан қайтыс болғаны хабарланған болтаны. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлім етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети