1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Іс жабылды - ІІМ басшысы "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешеніндегі атыс туралы 11 маусым 2021, 15:14

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде атыс шығарған ер адамның ісі туралы айтты, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видеодан алынған Видеодан алынған

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде атыс шығарған ер адамның ісі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыстық іс бойынша айыпталушы өзіне-өзі қол жұмсап, оқиға орнында қаза болды. Оған қатысты қылмыстық іс айыпталушының қайтыс болуына байланысты тоқтатылды. Бірақ осы оқиға барысында анықталған барлық факт бойынша жеке-жеке қызметтік тексеру жүргізілді. Айыпталушының қаза болуына байланысты, сотқа тартатын ешкім жоқ", - деді Тұрғымбаев.

Айта кетейік, 24 сәуірде күндіз Бұқар жырау бульварындағы "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде ер адам (сол пәтерде тұруы мүмкін) мен күзетші арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен күзетшінің аяғынан атқаны хабарланған еді. Желіде оқиғаның видеосы жарияланған болатын. Артынша оқ атқан ер адам терезені сындырып, секіріп кетті.

Кейін күдіктінің пәтерде тығылып жатқаны хабарланған болатын. Қарулы адам келіссөзден бас тартып, баспалдақ аумағына қарай 10-нан аса оқ атқан. 

Арнайы операция аяқталғанға дейін ҚР ҚК-ның 293-бабы "Бұзақылық" бойынша іс қозғалған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!