20 желтоқсан 2020 15:55

Сәтбаевтағы зорлау оқиғасы: тергеу изоляторының басшылығы жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлады және зорлады деген күдіктінің суицид жасағаны үшін Қарағанды облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және тергеу изоляторының басшылығы жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлады және зорлады деген күдіктінің суицид жасағаны үшін Қарағанды облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және тергеу изоляторының басшылығы жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ ҚАЖ комитеті баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлады және зорлады деген күдіктінің өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу қылмыс анықталмаған соң жабылған.

"Күдіктінің суицид жасағаны анықталды, қинап өлтіру белгілері жоқ. Бұдан басқа ҚАЖК қызметтік тергеуінің нәтижесінде тиісті бақылау жүргізбегені үшін мекеменің және ҚАЖ департаментінің басшылық құрамы тәртіптік жазаға тартылды", - деді ҚАЖК баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында тұрғындар бес жасар қызды ұрлады деген күдікке ілінген адамды тергеусіз жазалауды талап еткен болатын. Жоғалып кеткен 5 жасар қызды оның ата-анасы мен қала тұрғындары іздеген еді. Кейін ол қыз қаладағы пәтердің бірінде табылған болатын. Онда ер адам болған. 

Сәтбаев пен Шорнақтағы оқиғалар: Тоқаев нақты ақпарат беруді тапсырды

Артынша, жоғалған қызды іздеу барысында ашуланған тұрғындар полиция ғимараты маңындағы көліктерді өртегені хабарланған еді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев оқиғаға қатысты пікір білдірді. ІІМ басшысы тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынғанын айтқан еді.

Сәтбаевтағы зорлау оқиғасы: Жеңіс Қасымбек мәлімдеме жасады

Кейін күдікті Қарағандыда тергеу изоляторында өлі табылды. Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметтік тергеу жүргізілетінін хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети