04 қазан 2020 15:45

ШҚО-да 14 миллион теңгеге жылқы ұрлағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: РИА Новости Иллюстрациялық фото: РИА Новости

Шығыс Қазақстан облысында екі ай бойы жылқы ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Шығыс Қазақстан облысында екі ай бойы жылқы ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу бөлімі Көкпекті және Жарма аудандарында жылқы ұрлаумен айналысқан Ұлан ауданының 41 және 55 жастағы екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтады.

"Тергеу қорытындысы көрсеткендей, жылқы ұрлықшыларының әрекетінен алты шығысқазақстандық зардап шеккен, оларға келтірілген залал 14 миллион теңгеден асады. 2018 жылдың екі айында күдіктілер түнгі уақытта жайылымнан мал ұрлаған. Сонымен қатар, күдіктілердің бірінде шаруа қожалығы болған, олар ұрланған малды сонда әкеліп, көрші аймаққа сатқан", - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр, іс бойынша соңғы нүктені сот қояды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети