Шымкентте Kaspi Bank бөлімшесін тонады деген күдікті ұсталды

22 Қазан 2017, 12:45
0
Шымкентте Kaspi Bank бөлімшесін тонады деген күдікті ұсталды - © nb.kz
© nb.kz

Шымкентте Kaspi Bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкіліне сілтеме жасап. 

"Қылмыс биыл 13 қазанда жасалды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде тонау") бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында осы қылмыстың мән-жайы мен күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев. 

Еске салайық, 13 қазанда шамамен 20:00-де белгісіз біреу Шымкенттегі Kaspi Bank бөлімшелерінің біріне баса көктеп кірген. Банк қызметкерлері дереу дабыл шүртпесін іске қосқан. 

"Санаулы минуттар ішінде оқиға орнына әл-Фараби полиция бөлімшесінің жедел тергеу тобы келіп жеткен. Банк қызметкерлерінің айтуынша, бөлімшеге бетперде киген белгісіз біреу кіріп келіп, еденге "жарылғыш затқа" ұқсайтын бірдемені тастап, түтін шыққанда балтамен қорқытып ақша беруді талап еткен. Белгісіз адам кассадан 16 миллион теңге, 23 мың АҚШ доллары және 8500 рубль алып кеткен. Осы кезде қызметкерлердің бірі "дабыл шүртпесін" басып үлгерген, алайда күдікті қашып кеткен", - деді ІІД өкілдері.  

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде тонау") бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, ұстау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай