05 қыркүйек 2021 14:03

Теміртау полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстратциялық сурет: Tengrinews.kz Иллюстратциялық сурет: Tengrinews.kz

Теміртау полициясының Шығыс бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары ұрлыққа көмектескені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртау полициясының Шығыс бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары ұрлыққа көмектескені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"АрселорМиттал Теміртау" цехтарынан металл өнімдерін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс Теміртау қалалық сотында қаралған. Сотталушылар тарапында бес адам болды. Тергеу мәліметі бойынша, олардың үшеуі цехтардан ұрлық жасаған, ал Теміртау ПБ Шығыс полиция бөлімі бастығының орынбасары және оның қоластындағылар оларға ұрлық жасауға қолдау көрсетіп, көмектескен.

Іс материалдарына сәйкес, қылмыстық топ шамамен 2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың ақпанына дейін жұмыс істеген. Олар өндіріс цехтарынан жалпы сомасы 46,5 миллион теңгеге электродтар, алюминий сымдар, ферросилиций және басқа да металл өнімдерін ұрлаған.

Сотта полицейлер кінәсін мойындамады. Олар ешкімге қамқорлық жасамағанын, бірақ ұрлықты тоқтатуға тырысқанын мәлімдеді. 

Сот Шығыс полиция бөлімі бастығының орынбасарын айып тағылған баптар бойынша кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Оның қарамағындағыларға сот 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Олар орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді.

Сот олардың серіктестерін 2,6 және 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, бұған дейін Теміртау полициясының Шығыс бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары "АрселорМиттал Теміртаудан" өнім ұрлады деп күдікке ілінгені хабарланған болатын. Қылмыстық топ әшкереленгеннен кейін Теміртау  ПБ полиция басқармасының бастығы мен Шығыс бөлімінің бастығы қызметінен босатылған. ПБ бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді. Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының екі орынбасарына қатаң сөгіс жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети