06 қазан 2022 13:43

Түркістан облысында жасөспірімдер түсірген видео ұрыны ұстауға көмектесті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Түркістан облысында жасөспірімдер түсірген видео ұрыны ұстауға көмектесті, - деп хабарлады Polisia.kz.


Түркістан облысында жасөспірімдер түсірген видео ұрыны ұстауға көмектесті, - деп хабарлады Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Әйелдің айтуынша, күндізгі уақытта оның үйіне ұры түсіп, алтын жүзік, алтын білезік және 13 мың теңге ақшасын жымқырып кеткен.

Жәбiрленушiге 150 мың теңге материалдық шығын келген.

Аталған дерек бірден Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Дәл осындай арызбен полицияға тағы бірнеше тұрғын хабарласқан. Оның бірі 80 мың теңге ақшасы мен 150 мың теңге болатын алтындарын белгісіз біреу қолды еткенін айтқан. Ал келесі тұрғын болса, үйіне жасырын кірмекші болған ұрыны байқап қалғанын, алайда ұрының қашып кеткенін жеткізген.

Тәртіп сақшылары жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден сұрастырған. Соның нәтижесінде көршілерінің қақпасында құлып тұрса да үйінде адам тығылып отырғанын түсіріп алған жасөспірімдердің видеосы назарға алынды.

"Осы арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, ақша қажет болған жігіт пәтер ұрлығын жасаған. Яғни күндізгі уақытта есігі құлып тұрған үйлерге заңсыз кіріп, ақша мен алтындарды жымқырған. Осылайша, оның 6 ұрлыққа қатысы бар екені анықталды, жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңге. Күдіктіден айғақ зат ретінде алтындардың бір бөлігі тәркіленді. Күдікті қазіргі таңда қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети