21 мамыр 2019 | 15:40

#Баланыңқанатыжоқ. Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы ерекше акция бастады

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр 54 бала биіктіктен құлап, дене жарақатымен Қостанай облыстық балалар ауруханасына түскен. Олардың 30 пайызы көпқбатты үйлердің терезесінен құлап кеткен. Көбіне олар 7 жасқа дейінгі балалар, - деп хабарлайды "Алау"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр 54 бала биіктіктен құлап, дене жарақатымен Қостанай облыстық балалар ауруханасына түскен. Олардың 30 пайызы көпқбатты үйлердің терезесінен құлап кеткен. Көбіне олар 7 жасқа дейінгі балалар, - деп хабарлайды "Алау"

Биыл мамыр айының басынан бері көпқабатты үйлердің терезінен үш баланың құлағаны тіркелді. Оның біреуінде сәби қайтыс болды. 

Реклама
Реклама

"Біз алаңдаулымыз! Осыған байланысты "қауіпсіз балалық шақ" акциясын іске қосамыз. Сіздердің қатысатындарыңызға және қолдау білдіретіндеріңізге сенеміз. Барлығымыз жабыла көпшілікті және балалардың осы маңызды мәселеге назар аударуына септігімізді тигізейік. Достарыңыз қатыссын. А4 форматындағы қағаз парағы бар жеке фото жасап, #баланыңқанатыжоқ #удетейнеткрыльев #қауіпсізбалалықшақ #безопасноедетство хэштегтерін жазыңыз. Сіздің түр әлпетіңіз көрінуі тиіс. Сіздің немқұрайлылық танытпағаныңыз үшін рақмет. Барынша өзіңіздің таныстарыңызға жіберіңіз. Әркім біреудің өмірін құтқара алады", - деді басқарма өкілдері. 

Адамдарды травматологтардың кеңестеріне құлақ салып, достарымен бөлісуді сұрайды.

"Баланы терезесі ашық және терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз. Үйде де, қонақта да. Торлар, құлыптар немесе басқа да арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатыңыз, москит торлары үлкен қауіп төндіреді: балалар оларға сүйкеніп, ары қарай олармен бірге сыртқа құлап кетеді. Есіңізде болсын - олар қорған емес", - деп ескертті Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram