20 тамыз 2022 10:32

Дәрігер жүрекке пайдалы дәнді дақылдарды атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Нутрициолог, функционал интегратив тамақтану бойынша маман Наталья Кочубеева "Газета.Ru" басылымына берген сұхбатында жүрекке ең пайдалы дәнді дақылдарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нутрициолог, функционал интегратив тамақтану бойынша маман Наталья Кочубеева "Газета.Ru" басылымына берген сұхбатында жүрекке ең пайдалы дәнді дақылдарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, барлық дәнді дақыл құрамы бойынша бірдей емес - олардың кейбіреуі жүрек ауруы бар адамдарға пайдалы, ал басқаларынан бас тартқан дұрыс.

Гликемиялық индекске назар аудару керек: ол жармада неғұрлым төмен болса, соғұрлым жақсы. Сонымен, қант пен басқа көмірсулардың артық болуына байланысты инсулинге төзімділік жоғары холестеринмен қатар қан тамырларына үлкен зиян келтіреді, бұл жағдайларды тамақтану арқылы түзеуге болады.

"Мен қарақұмық, киноа, сұлы жармасы, жабайы күрішті (бірақ ақ емес!) жеуге кеңес беремін. Қарақұмық, мысалы, В тобы дәрумендері бойынша дәнді дақылдар арасында көшбасшы, ол фосфор, калий, марганец, кальций, магнийге бай. Сондай-ақ, ол құрамындағы темірмен де белгілі. Қарақұмық құрамында глютен жоқ, бұл ішек үшін маңызды. Арпа өте тойымды, бірақ құрамында глютен бар, ол бәріне бірдей пайдалы болмауы мүмкін", - деп кеңес берді Кочубеева.

Маман сұлы жармасының "глютенсіз" түрін табуға болатынын атап өтті (ол сұлы жармасын өндіру орнына байланысты болуы мүмкін).

"Киноа мен амарант, ақуыз құрамы бойынша алда тұр. Анықтама үшін: миокард (жүрек типті бұлшықет тіндері) - ақуыз құрылым. Дәнді дақылдардың осы түрлерімен диетаңызды әртараптандыруға тырысыңыз", - деп кеңес берді нутрициолог.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети