Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

ДДСҰ 5 жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат берді 22 қаңтар 2022, 10:31

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) иммундау жөніндегі стратегиялық консультативтік тобы (SAGE) 5-11 жас аралығындағы балаларға Pfizer/BioNTech
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) иммундау жөніндегі стратегиялық консультативтік тобы (SAGE) 5-11 жас аралығындағы балаларға Pfizer/BioNTech вакцинасын салуға рұқсат берді. Бұл туралы 19 қаңтарда өткен SAGE отырысының қорытындысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Мәлімдемеге сәйкес, ДДСҰ консультативтік тобы 5-11 жас аралығындағы балаларға Pfizer/BioNTech вакцинасының қолданысын кеңейтуді ұсынды. Балаларға 10 микрограмға дейін азайтылған доза ұсынылады, бұл 12 жастан асқан балалардың дозасынан үш есе аз.

Сонымен қатар, ДДСҰ консультативтік тобы қауіп тобына жататын адамдарға, мысалы, қарттар немесе медицина қызметкерлеріне алғашқы екпеден 4-6 ай өткен соң коронавирусқа қарсы бустерлі вакцинацияны ұсынды.

ДДСҰ иммундау бөлімінің басшысы Кейт О'Брайен консультативтік топтың шешімдеріне түсінік бере отырып, ұйымда балаларға коронавирусқа қарсы вакцинаның бустерлі дозасы қажет екені туралы ешқандай дәлел жоқ екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram