16 наурыз 2020 11:14

Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін - сарапшылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирус қағаз беттерінде және пластиктерде біраз уақытқа дейін қала береді. COVID-19 вирусы қағаздарда 3-4 күнге дейін, ал пластиктерде 9 күнге дейін сақтала береді дейді сарапшылар.

Ресейлік сарапшылардың сөзіне қарағанда, кредит ұйымдары беретін қағаз ақшалар банктерде 14 күн уақыт тұрады да кейін ғана клиенттерге беріледі.

Дегенмен сарапшылар қолма-қолма ақшадан толықтай бас тартуға шақырмады, бірақ банкнота мен тиындарды ұстағанда қол жууға кеңес береді.

Күннің жылуы коронавирусты жоя алмайды - ғалым

Еске салайық, мұның алдында ресейлік дәрігер Борис Ревич "коронавирус күн жылыса жойылады" деген пікірді жоққа шығарған еді. "Ауа температурасы жоғарылағанда коронавирус жойылады деген болжам, меніңше, тек фантазия. Вирус Уханнан келді, онда желтоқсан-қаңтар айларында ауа температурасы +10 градус. Сондықтан ауа температурасының жоғарылауы вирусқа әсер етуі мүмкін емес", - деген еді Ревич.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети