08 ақпан 2022 12:41

Пандемияның салдары ондаған жылға созылуы мүмкін - ДДСҰ

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19 пандемиясы әлі де күшейіп келе жатқанын және салдары ондаған жылға созылуы мүмкін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.


ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19 пандемиясы әлі де күшейіп келе жатқанын және салдары ондаған жылға созылуы мүмкін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Гебрейесус ДДСҰ мен Ұлттар достастығы хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою кезінде айтты. Ол коронавирустың салдары аурудың өзінен де асып түсетінін айтты.

"Бұл бүкіл әлемде экономикалық, әлеуметтік және медициналық теңсіздікке әкеп соқты. Пандемияның салдары ондаған жыл бойы, әсіресе, халықтың осал тобы арасында сақталады. Пандемия неғұрлым ұзаққа созылса, салдары да соғұрлым нашар болады", - деді Гебрейесус.

Сондай-ақ, ДДСҰ басшысы мемлекеттер вакцина салдырғандар үлесін арттыруға ұмтылуы тиіс екенін, 2022 жылдың ортасына қарай барлық елдегі халықтың кем дегенде 70 пайызы вакцина салдыруы қажет екенін айтты.

Оның айтуынша, қазір Ұлттар достастығына кіретін мемлекеттер халқының 42 пайызы ғана вакцинаның толық курсынан өткен. Африкада елдерінде вакцинаның орташа деңгейі тек 23 пайыз болады.

"Осы алшақтықты жою - ДДСҰ-ның басты міндеті. Бұл пандемияны бақылап, халықтың өмірін сақтап қалу үшін ғана емес, қалпына келтіру әрекетін қолдау үшін қажет", - деді Гебрейесус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети