27 желтоқсан 2020 16:05

Ақмола облысында жоғалған ер адамның мәйіті бес күннен кейін табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Ақмола облысында еріктілер бес күн бұрын жоғалған адамның мәйітін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында еріктілер бес күн бұрын жоғалған адамның мәйітін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 желтоқсанда Жарқайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 1994 жылы туған жары Артем Ветровты табуға көмек сұраған. Бір күн бұрын ол Жарқайың ауданы Костычево ауылындағы досының үйінде болған, кейін таңғы сағат 7 шамасында үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Полиция жедел іздестіру топтарын құрған, операцияға аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ Жарқайың мен Есіл аудандарының волонтерлері, жоғалып кеткен азаматтың туыстары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысқан.

Іздестіру іс-шараларында қарда жүретін техника, өздігінен жүретін тартқыш машиналар, 6 автокөлік пайдаланылған.

Іздестіру іс-шаралары 5 шақырым радиуста, Костычево ауылының айналасында жүргізілді, Коко өзенінің жағасы тексерілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері Костычево ауылының ғана емес, сонымен қатар жақын маңда орналасқан Донское ауылының тұрғындарына да барды.

"26 желтоқсанда, кешкі сағат алты шамасында Державинск қаласында тұратын волонтерлер Сұлтанов Сағынтай мен Вольф Александр жоғалған Артём Ветровтың мәйітін Костичево ауылынан батысқа қарай 6 шақырым қашықтықта тапты", - дейді полициядағылар.


Еріктілердің фотосуреттерін Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети