Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ақтөбеде мопедпен көлікке соқтығысқан жасөспірім комаға түсті 23 мамыр 2023, 14:05

Ақтөбеде кәмелетке толмаған мопедист қарсы келе жатқан көлікке жол бермей, соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Rikatv.kz сайтына
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры

Ақтөбеде кәмелетке толмаған мопедист қарсы келе жатқан көлікке жол бермей, соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Rikatv.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті мопедті 16 жастағы жүргізуші басқарғанын айтты. Ол Қонаев көшесінен Шернияз көшесіне қарай солға бұрылмақ болып, қарсы келе жатқан көлікке жол бермеген. Соқтығыс салдарынан жасөспірім он метр жерге ұшып кеткен.

Оқиға сәті бейнетіркегішке түсіп қалған. Аурухана мәліметінше, қазір ол комада жатыр.

"Бас-ми жарақаты, ми жарақаты, самай сүйегі сынған. Баланың жағдайы ауыр", - деп түсіндірді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов.

Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеу жалғасып жатқанын айтты. Жасөспірімнің жүргізуші куәлігі болмаған, мопедті туыстары сыйлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram