04 желтоқсан 2019 12:32

Алматыда 18 жастағы студент қыз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/police_almobl © instagram.com/police_almobl

Алматыда 18 жастағы студент қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 


Алматыда 18 жастағы студент қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

Алматы облысының полициясы із-түссіз жоғалып кеткен Викторию Зачепилованы іздестіріп жатыр. 

"2001 жылғы Виктория Зачепилова 3 қарашада түнгі уақытта Талғар ауданы Шымбұлақ ауылында орналасқан үйінен шығып, қазіргі уақытқа дейін қайтып оралмаған", - делінген құқық қорғау органдары хабарламасында. 

Қыз бала Алматыдағы ЖОО-лардың бірінде оқиды. Үстіне қоңыр түсті пальто, қара шалбар және қоңыр түсті етік киген. 

"Іздестіріліп жатқан қыз туралы қандайда бір мәліметті білген жағдайда Талғар аудандық полициясының кезекші бөліміне хабарласуды сұраймыз. Мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7272) 95-61-05, 8 778 900 0255, 8 778 127 9141 немесе 102", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети