10 қараша 2019 | 15:51

Алматыда екі адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Алматы полицейлері Райымбек даңғылының бойында екі адам қағып өлтірген жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полицейлері Райымбек даңғылының бойында екі адам қағып өлтірген жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің тергеу басқармасы осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстыө кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет") сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. 

Реклама
Реклама

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, іздеу шаралары барысында екі адамды қаққан адамның кім екені белгілі болды. 

"Қазіргі уақытта 28 жастағы жүргізуші ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалады. Автокөлік Алматы облысы Өтеген батыр кентінде табылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске салайық, жаяу жүргіншілерді қағып кету оқиғасы "Саудакент" сауда орталығының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota маркалы көлігі шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Осы кезде рұқсат етілмеген тұста екі ер адам жүгіріп шыққан. Жүргізуші әрекет етіп үлгермеген болуы керек, ол екеуінде қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1975 және 1976 жылғы екі ер адам қаза тапты. Оларды қағып кеткен автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. 


© "Территория происшествий" бағдарламасынан


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная