24 маусым 2019 14:30

Арыста тағы бір жарылыстың видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

24 маусымда таңертең Арыс тұрғындары қала маңында орналасқан әскери бөлімнің аумағында болған күшті жарылыстардың дыбыстарынан оянды. Жарылыс салдарынан 34 адам ауруханаға түсті. Үш адам ауыр халде жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


24 маусымда таңертең Арыс тұрғындары қала маңында орналасқан әскери бөлімнің аумағында болған күшті жарылыстардың дыбыстарынан оянды. Жарылыс салдарынан 34 адам ауруханаға түсті. Үш адам ауыр халде жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желілерде зардап шеккендермен түрлі видеолар жарияланып, таралып жатыр. Мен сіздер өтінемін: "Егер видео түсірген болсаңыз, мекен-жайын жазыңыз, соған байланысты бір осы аймаққа барып, адамдарды алып кетеміз. Бұл, шамасы, жанып жатқан гильзалардың қалдықтарды болуы керек, әскерилердің мәліметінше, өлім қауіп-қатері жоқ. Байбалам салудан аулақ болыңыздар, оның орнына қайда болып жатқанын айтып, бізге көмек көрсетіңіздер", - деді Шөкеев. 4 адам Ордабасы ауданының орталық ауруханасына қаралды. Олардың барлығы тексерілді", - деді ведомство өкілдері. 

Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары ТЖ аймағына келіп жетті.

"Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды Ақдала бұрылысы; 41 разъезд; Водозобор бағытында лагерльерге орналастырылады. Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда. Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады. Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіреді. Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан "Бөген" су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз", - делінген хабарламада. 

Арыс қаласы түгелдей эвакуацияланады - Шүкеев

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр.

Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді 

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмегенін хабарлаған болатын. Төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Ал қала әкімдігі тұрғындардың жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсыған

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети