Астана тұрғыны ұрланған миллион теңгесін кептелістің арқасында қайтарып алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Көшедегі кептеліс Астана тұрғынына ұрланған миллион теңгесін қайтаруға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Көшедегі кептеліс Астана тұрғынына ұрланған миллион теңгесін қайтаруға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері кісі тонап, оның ірі көлемдегі ақшасын тартып алып кеткен Грузия азаматын заттай айғақпен ұстады. "Күндізгі уақытта, 15.00 шамасында Астана тұрғыны қаладағы банктердің бірінің есепшотынан ірі көлемде (миллион теңге) ақша алған. Қалада машинамен жүрген ол бір уақытта көлігін ашық қадырып кетеді. Қайтып келген кезде өз машинасынан бейтаныс адамның мұның портфелімен шығып келе жатқанын көреді, ол мұның айқайлағанына қарамай, Volkswagen Golf көлігіне отырады. Бейтаныс адам мен оның рульде отырған серігі оқиға орнынан қашып кетуге әрекеттенді", - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі. 

Астана тұрғыны оларды өз автокөлігімен қуып жетуге тырысады. Көлік кептелісі кезінде ол Volkswagen-ді жаяу қуып жетеді. 

"Осы кезде аталған жол учаскесінде полиция қызметкерлері өтіп бара жатады, олар қозғалып бара жатқан машиналардың бірінің есігін ашпақ болған ер адамды көреді. Полиция қызметкерлері әлгі машинаны тоқтатады. Кісі тонаған адамдар ұсталды", - делінген хабарламада. 

Ақша тонаған адамдардың Грузия азаматтары екені анықталды. Бұл дерек бойынша "Тонау" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар изоляторға қамалды. Тергеу жүріп жатыр. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro