Әл-Фараби даңғылында жол қозғалысы ережесін бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін жазаланған алматылық Назар Роллан Porsche көлігін мас күйде жүргізген, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі.
Әл-Фараби даңғылында жол қозғалысы ережесін бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін жазаланған алматылық Назар Роллан Porsche көлігін мас күйде жүргізген, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі.
Достық даңғылының бойымен келе жатқанда оны жол-патрульдік полициясы Абай даңғылымен қиылысқан тұста тоқтатқан. Көлік жүргізу құқығынан айырылған Назар Роллан автокөлікті жеңіл түрде мас бола тұра көлік жүргізген.
Кейін Назар Ролланның ісі сотта қаралып, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігі ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") бойынша жауапкершілікке тартылды.
"Ол өз кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Сот үкімімен Роллан 20 тәулікке қамалды. Сот үкімі заңды күшіне енді", - деді қалалық сот баспасөз қызметінің өкілдері.
Назар Роллан жол қозғалысы ережелерін бұзып, оны видеоға түсіріп, Instagram желісіне жүктеген. Ол алты айға көлік жүргізу құқығынан айырылды.