09 ақпан 2020 13:17

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Масанчидегі қақтығыстан зардап шеккендер туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева Қордай ауданындағы қақтығыстан зардап шеккендер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева Қордай ауданындағы қақтығыстан зардап шеккендер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Алматыда бес ота жасалды. Бір науқас аппаратқа жалғанды. Қалалық орталық ауруханаға өздері келгендері де бар, олардың көзіне бірдеңе кіріп кеткен. Қордай аудандық ауруханасында бес науқасқа ішіне, аяқ-қол тамырларына, басына ота жасалды және мен осыған дейін айтқанымдай, екі адамға ота жасалғанына қарамастан, алған жарақатына байланысты қайтыс болды", - деді Ләззат Ақтаева.

Оның айтуынша, барлық азаматтарға толық көлемде көмек көрсетіледі екен. 

"Бүгін Қордай аудандық орталық ауруханасынжа 28 науқас жатыр, оның бесеуі жазылып шығады. Бес науқас Алматыға жіберіледі, 18-і АОА-да қала береді, оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр", - деді ол. 

Вице-министр Қырғызстандағы науқастар туралы айтты. 

"Қазір онда министрдің орынбасары Қамалжан Надыров жүр. Онда науқастарды жеткізу үшін бес бригада жөнелтілді. 25 науқас Қырғызстан ауруханаларына жүгінген, 15 адам амбулаториялық ем қабылдап жатыр, ал 10 адам стационарларда жатыр", - деді Ақтаева. 

Осыған дейін Президент қайғылы жағдайға жол берген меморгандардың қызметкерлері жауапқа тартылатынын мәлімдеген еді. Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан қаза тапқандар саны өсті. Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қақтығыстан кейін 39 адам ауруханада жатыр.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды.

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. 

Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Екі полицей зардап шеккен. 30-ға жуық үй, 15 сауда орталығы қираған, 23 көлік өртенген. 

Түнде Қырғызстан шекарашылары қазақ-қырғыз шекарасында күшейтілген қызмет тәртібіне ауыстырылған. ҰҚК шекара жабылды деген ақпаратты жоққа шығарып, екі ел арасындағы кеден штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Масанчидегі қақтығыс. Қырғыз-қазақ шекарасынан 4 мың адам өткен

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети