Қарағандыда жүк көлігі 8 жастағы қызды қағып кетті. Қыз велосипедпен жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен өтіп бара жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы Instagram желісінде жарияланды. Кадрларда қайғылы оқиға болған Қарағанды-Теміртау жолы көрсетіледі. Куәгерлердің айтуынша, қыз велосипедпен келе жатып, жолдан өтіп кетпек болған.
"Қыз шамамен 8 жаста. Ол әжесімен және шешесімен келе жатқан. Олар жолдан рұқсат етілмеген жерден өтпек болған. Жаяу жүргінші өткелі жоқ ол жақта. Қызды КамАЗ басып кетті", - деді куәгерлер.
ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаның болғанын растап отыр.
"Жол-көлік оқиғасы 18 мамырда сағат шамамен 19.00-де 15-ші магистраль автожолында болды. 47 жастағы жүргізуші Теміртауға қарай жүріп келе жатып, рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Қыз бала оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Осы дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.