Қарағандыда сарбаз автоматпен өзін-өзі атты

26 Тамыз 2014, 19:04
0
Қарағандыда сарбаз автоматпен өзін-өзі атты - ©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Қарағанды облысындағы №31775 әскери бөлімде оқыс оқиға болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. Нақтырақ айтсақ, бақылау мұнарасында күзетте тұрған сарбаз Калашников автоматымен өзін-өзі атып, ауыр жараланған. 

Қалалық ауруханаға жедел жеткізілген ол қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.  Кіші сержанттың мұндай әрекетке неге барғандығын анықтаумен әскери полиция айналысуда. 

"Біреулермен арада түсінбестік болғанын жоққа шығарамыз. Ол - болашағынан үміт күттірген әрі кіммен болса да тез тіл табысып кететін, мінезі жайдары жігіт.  Біреулерден қысым көріп, жеңіле қоятын да адам емес. Біздің ойымызша, оқ абайсызда атылса керек", - дейді Қарағанды гарнизонының әскери полициясындағылар. 

"Жәбірленуші кіші сержант Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына осыдан алты ай бұрын келісім-шарт негізінде қабылданған" - деп хабарлайды бөлім басшылары, яғни сәуір айында. Оқиғаның мән-жайын ендігі тек сарбаздың өзі ғана айта алатыны түсінікті. Демек, тексеру орындары оның денсаулығының жақсарғанын күтеді деген сөз. 

Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын дәл осы облыста тағы бір сарбаз өзіне-өзі оқ атқан. Өкінішке қарай, 19 жастағы Мырзабай Сапарбаев тілге келместен мерт болды. Бұл қайғылы оқиға түзеу мекемесінде орын алған-ды.  Оның өлі денесі күзет ауысымы кезінде табылған. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай