Жамбыл облысында Талас өзенінен 8 жастағы ұл баланың денесі екі күннен кейін табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Сәуле Мұнатаева хабарлады.

Әлеуметтік желілерде тарап кеткен хабарламаға сәйкес, 16 шілдеде сағат 13.00-де куәгерлер ұл баланы судың тасқыны алып бара жатқанын көрген. Бірақ ол кезде бала тірі болған.
Іздестіру іс-шарасына қатысқандар соңына дейін бала тірі екеніне сенді. Алайда, 18 шілдеде баланың денесін судан алып шықты.
"Денесін18 шілдеде, сағат 14.00-ге таман судан шығарып алдық. Денесін 3 шақырымға дейін, яғни Талас өзенінен төменге дейін алып кеткен", - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі.