Қазақстанға Қытайдан заңсыз жеткен дәрі-дәрмектің кезекті партиясы әшкереленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанға Қытайдан заңсыз жеткен дәрі-дәрмектің кезекті партиясы әшкереленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақ-қытай шекарасындағы "Қорғас" бақылау-өткізу бекетінде 8 қорапқа салынған, жалпы салмағы 80 келі болатын дәрі-дәрмекті контрабандалық жолмен өткізуге әрекеттенген Қазақстан Республикасының 25 жастағы азаматшасы ұсталды", - деп хабарлайды ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Әйел Қытай аумағынан Қазақстанға жаяу өтпек болған. "Аталған дерек бойынша материалдар Алматы облысының Панфилов аудандық прокуратурасына берілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Қытайдан заңсыз келіп жатқан дәрі-дәрмек партиясының алды бұл емес. Бұған дейін қазақ-қытай шекарасындағы "Қорғас" бақылау-өткізу бекетінде бір тоннадан астам дәрі-дәрмек контрабандасы әшкереленді. Жасы 32-дегі әйел адам бір тоннадан астам дәрі-дәрмекті елімізге заңсыз жолмен өткізуге әрекеттенгені үшін ұсталды. Ұсталған әйелдің қай елдің азаматшасы екені хабарланған жоқ. Ал оның алдында "Қорғас" өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары елімізге 100 келіден астам дәрі-дәрмекті заңсыз өткізбек болған Қазақстан азаматын ұстады. Аталған дерек бойынша материалдар Панфилов ауданының прокуратурасына берілді.