Қызылорда облысындағы әуе апатынан қанша адамның қаза тапқаны анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
ҚР Қорғаныс министрлігінің иллюстрациялық фотосы ҚР Қорғаныс министрлігінің иллюстрациялық фотосы

Қызылорда облысындағы тікұшақ апатынан 13 адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысындағы тікұшақ апатынан 13 адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

"27 наурызда ҚР ҚК тікұшағы құлаған кезде әскери борышын өтеу барысында бортта болған 13 әскери қызметкер қаза тапты. Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамы қаза болған жолдастарының жақындары мен туыстарына көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы моральдық және материалдық көмек көрсетеді", - делінген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлағаны хабарланған еді. 

"2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және "Алтын жебе" арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылып, оқиға орнына аттанды. 

Кейін тікұшақ апаты болған жерде куәгерлер түсірген видео жарияланды

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer