21 маусым 2021 17:46

Нұр-Сұлтанда өзенді жүзіп өтпек болған әйел құтқарылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда полицейлер Ақбұлақ өзенінде батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды. Құтқару сәті құқық қорғау органдары қызметкерінің видеожетонына түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда полицейлер Ақбұлақ өзенінде батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды. Құтқару сәті құқық қорғау органдары қызметкерінің видеожетонына түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметі бойынша, оқиға 21 маусымда сағат 11.25-те болған. Аға лейтенант Айдос Ағабеков пен Нұрсұлтан Сейдалиев оқиға орнына шақырту бойынша барған. Олар өзеннің ортасында әйелдің тұрғанын көрген.

"Айдос Ағабеков жағдайды бағалап, киімін шешіп, суға секіріп, бірнеше секунд ішінде әйелдің жанына жүзіп барған. Осы кезде оның серіктесі құтқару шеңберін лақтырып, екеуін де жағаға шығарып алған", - деді  полиция өкілі.

"Әйелдің жанына жүзіп барғанымда оның қорқып қалғанын көрдім. Жүзуге шамасы жоқ. Бірақ барынша тырысып, батып бара жатқан адамды шығарып алдық", - деді Айдос Ағабеков.

Бәрі сәтті аяқталды, әйелге медициналық көмек көрсетілген. Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

"35 жастағы әйел канал арқылы жүзіп өтуді ойлап, суға түскенін мойындады. Бірақ өзеннің ортасына келгенде әлсіреп, жүзуге шамасы келмей қалған", - деді полиция департаменті өкілдері.

ІІМ басшысының нұсқауы бойынша барлық патрульдік автокөліктер құтқару құралдарымен жабдықталған. Стандартты жиынтықтардан басқа, полицейлерде құтқару шеңбері, кеудешелер бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети