22 қараша 2016 13:31

Полицейлер "Байсат" базарында болған төтенше жағдай дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер "Байсат" базарында болған төтенше жағдай дерегі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек айтты.

"Тексеру шараларын бастадық. Сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы. Сондай-ақ, ол бұл деректің бірыңғай тергеу реестріне тіркелгенін айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков "Байсат" базарында болған төтенше жағдайдан 18 жастағы және 50 жастағы ер адамдардың зардап шеккенін хабарлаған болатын.

Ал кейінірек Желіде "Байсат" базарында шатырдың құлаған видеосы пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай 20 қарашада шамамен сағат 12.00 кезінде болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети