18 қараша 2021 09:12

Ресей азаматы Қазақстанда "20 жыл құлдықта болғаны" туралы видеосын түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Әлеуметтік желіде Ресей азаматы Қарағанды ​​облысында 20 жыл құлдықта болғанын айтқан видео резонанс тудырды. Кейін полицейлер ресейлік азаматты іздестірді. Ведомство мәліметінше, ер адам фермада өз еркімен жұмыс істейтінін айтқан, ал видеоны үйіне қайту үшін түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер видео бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Бұл ақпаратты тексеру үшін жедел-тергеу тобы Шет ауданына барып, шаруа қожалығы иесін және видео түсірген Алексей Котовты анықтады. Ресей консулдығы қызметкерлері қатысқан жауап алу кезінде, Котов шаруа қожалығында өз еркімен жұмыс істегенін, ұялы телефонды еркін пайдаланғанын және кез келген уақытта шаруашылықтан кетуге мүмкіндігі болғанын айтты", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, Котов шаруа қожалығының иесіне қатысты мәлімдемеден бас тартып, оған ешқандай шағымы жоқ екенін түсіндірген. Полицейлердің айтуынша, ресейліктің әлеуметтік желі арқылы видеоүндеу жасаған мақсаты үйге оралу болған. 

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам Қарағанды ​​облысында 20 жыл бойы еңбек құлдығында болғанын мәлімдеген видеохабарлама тарағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети