"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" зауытында өрт болды, екі адам зардап шекті деп хабарлайды "Мой город" порталы.
"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" зауытында өрт болды, екі адам зардап шекті деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Төтенше жағдай 29 шілдеде Мұғалжар аумағында орналасқан "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-тың Жаңажол газ өңдеуші зауытында орын алған. Компрессорлық-насос блогының жанып кетуі өрттің шығуына себеп болған. Өртті ауыздықтау үшін "Өрт автоматика-сервис" ЖШС күші мен құралдары жұмылдырылған. Өрттің салдарынан екі адам түрлі деңгейдегі күйікпен ауруханаға түскен.
Еске сала кетелік, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-тың №2 Жаңажол газ өңдеуші зауытында маусымның соңында да өрт болған. Ол кезде газ аралас будың ауаға атылуынан жеке тұрған кәсіпорынның компрессорлық станса ғимараты қираған. Қираған аудан көлемі шамамен 2,5 мың шаршы метрді құраған. Бұл төтенше жағдайда ешкім зардап шекпеген еді.
"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ Қазақстанның мұнай өнеркәсібі көшбасшыларының бірі боп табылады. Бұл компания ҚХР-мен арада орнаған мызғымас әріптестіктің арқасында дамып, қарыштап келеді.