1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Таразда тойға келгендер астан уланған

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Таразда мейрамханалардың біріне тойға келгендер астан уланып қалған. Қазір жетеуі ауруханада жатыр. Ал қалғандары алғашқы көмектен соң үйлеріне жіберілді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Науқастардың айтуынша, той өткен соң ертеңіне өзін нашар сезінген. Алғашында іштері ауырып, жүрегі айныған, кейін ыстығы көтеріле бастапты. Жедел жәрдем оларды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізген.

"Мына жерде жатқан балалар бөліміндегі бала тойға барған жоқ. Ол жаңағы тойдан апарған сарқыт самсаның жартысын ғана жеген. ,ір инфекция түскен бе деймін тамаққа, тек ет жеген адамдардың өзі мысалы, сарқытқа алып барған ет жегенде де ауырып жатыр. Ет деген ол қайнатылған нәрсе ғой", - дейді науқастардың бірі Мұхтар Шаханов.

Дәрігерлер тойханада ас дұрыс сақталмаған болуы мүмкін деп болжайды. Бірақ әзірге нақты қорытынды жоқ. Сараптама жұмыстарының нәтижесінен соң неден уланғаны белгілі болады.

"Қалтырап, дірілдеп ауыр жағдайда түсті, әрине. Қазір жағдайлары орташа дәреже деп бағалануда. Түрлі-түрлі мысалдар айтып жатыр. Сондықтан біз бір тұжырымға келе алмаймыз", - дейді дәрігер Талғат Шымырбаев.