01 наурыз 2022 21:39

Теңізде алапат өрт шықты

Теңіз вахталық кентінде өрт болды. Атырау облысының ТЖД ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теңіз вахталық кентінде өрт болды. Атырау облысының ТЖД ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 наурызда сағат 16.40-та Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық кентіндегі ашық кәсіпорын аймағында өндірістік шлам өртеніп жатыр. Өрт сөндіру апаттық-құтқару қызметінің мәліметінше, болжам бойынша 200 шаршы метр өртеніп жатыр", - деді ТЖД өкілдері.

ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. 

"Құлсары қаласынан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жіберілді. Құлсарыдан қашықтық - 90 километр. Қызметкерлер келген соң қосымша ақпарат нақтыланатын болады", - деді департамент өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АТЫРАУ | КАЗАХСТАН | 06 ❤️ (@atyrau)

"Теңізшевройл" баспасөз қызметі де жағдайға түсінік берді.

"2022 жылдың 1 наурызында "Теңізшевройл"ЖШС (ТШО) "Теңіз" өндірістік алаңынан тыс орналасқан Nasar Solution мердігерлік компаниясының өндірістік цехында өрт шыққан. ТШО-ның өрт сөндіру-апаттық қызметі дереу оқиға орнына шықты. Мердігер компанияның он бес қызметкері эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабардар. Осы оқиға бойынша сауалдарды Nasar Solutions немесе тиісті мемлекеттік органдарға жіберу керек", - деді ТШО өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети