26 шілде 2021 12:51

Теңізде мердігер ұйым жұмысшылары ереуілге шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында мердігер ұйым қызметкерлері ереуілге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.


Атырау облысындағы Теңіз кен орнында мердігер ұйым қызметкерлері ереуілге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ереуіл 25 шілдеде таңертең басталған. "Теңізшевройлдың" мердігер ұйымы саналатын ESS компаниясының жұмыскерлері жалақыны көтеруді талап еткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @zello_tengiz (@zello_tengiz)

"Теңізшевройлға" ESS/Compass-Kazakhstan мердігер компаниясының қызметкерлері еңбек қатынастарына қатысты алаңдаушылық білдірген. ТШО мәліметі бойынша, мердігер компания басшылығы туындаған мәселені шешу үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Бұл ESS/Compass-Kazakhstan компаниясының ішкі мәселесі болғандықтан, бұған қатысты барлық сауалды осы компания басшылығына жолдаған жөн", - деп "Теңізшевройл" өкілдері басылымға пікір берген.

Өз кезегінде, "ESS Support Services" ЖШС бас директоры Майк Тейлор "Aқ Жайықтың" сауалына ресми жауап ретінде компания басшылығына 213 қызметкерден жалақыны көтеру туралы өтініш түскенін айтқан.

"Біз қызметкерлерімізді және олардың істеген жұмысын бағалаймыз. Біз қызметкерлермен ашық диалог жүргіземіз және осы мәселені шешу үшін қолданыстағы ҚР еңбек заңнамасы шеңберінде жұмыс істейміз. Осы уақытта ESS ұжымдық шартының талаптарына сәйкес, жылдық инфляцияны ескере отырып, жалақыны жүйелі түрде қайта қарау бағдарламасын жүргізіп жатқанымызды хабарлаймыз. 2021 жылдың қаңтарында бағдарлама аясында сағаттық төлемді 6 пайызға арттырды. Сонымен қатар, ESS басшылығы негізгі мүдделі тараптармен, жергілікті және аймақтық үкіметтермен, кәсіподақтармен бірге серіктестік аясында жұмыс істейді. Біз сонымен қатар, қызметкерлермен және оларда туындайтын кез келген мәселені талқылауға әрқашан дайынбыз", - делінген хатта.

Басылым мәліметінше, өткен аптада Маңғыстау облысында бірнеше мұнай-газ компаниясының жұмысшылары жалақыны көбейтуді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, ереуілге шыққан. "ӨзенМұнайГаз" АҚ компаниясының өндірістік нысандарын күзететін "KMG-Security" ЖШС қызметкерлері айлық жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеруді және мереке қарсаңында сыйақы төлеуді талап етті. Іле-шала Қаражанбас мұнай кен орнын қорғаумен айналысатын KMG-Security компаниясының басқа бір бөлімше жұмысшылары да өз талаптарын қойды. Содан кейін оларға "МұнайСпецСнаб Компани" ЖШС қызметкерлері қосылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети