01 қараша 2021 11:57

"Тістеген жерін жұлып алған". Павлодар облысында ит тұрғынға шабуыл жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында ит тұрғынды тістеп алды. Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді, ал ит иесіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында ит тұрғынды тістеп алды. Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді, ал ит иесіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 20 қазанда кешке Павлодар облысы Үміт ауылында болған.

"Ауыл шетіне малының алдынан шыққан 62 жастағы жергілікті тұрғынға төбет тұқымдас ит шабуыл жасаған. Ит тістеген жерін жұлып алған", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиға куәгерлері жедел жәрдем мен полиция шақырған. Ит жәбірленушінің қолын бірнеше жерден тістеген. Сонымен қатар, білектің үстіңгі жағын тістеп жұлып алған. Ер адам Павлодар ауруханасына жатқызылды.

Полицейлер ит иесі анықталғанын айтты.

"Жануардың иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі "Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірген иттерді ұстау және серуендету ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети