08 тамыз 2021 16:39

"Барселона" президенті Месси қай клубқа ауысатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Twitter/@BarcaPrincipal Фото: Twitter/@BarcaPrincipal

"Барселона" клубының президенті Жоан Лапорта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси "Пари Сен-Жермен" футбол клубының ойыншысы болатынын ресми түрде растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


"Барселона" клубының президенті Жоан Лапорта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси "Пари Сен-Жермен" футбол клубының ойыншысы болатынын ресми түрде растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Алтын доптың" алты дүркін иегері, аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Францияның "Пари Сен-Жермен" клубының ойыншысы болады, деп мәлімдеді Испанияның "Барселона" футбол клубының президенті Жоан Лапорта.

Бейсенбіде "Барселона" Мессимен жаңа келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеген болатын, ол еркін агент болды.

"Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бірақ Месси ПСЖ-ға ауысады", - деп жазды Tuttomercatoweb Лапортаға сілтеме жасап.

"Камп Ноу" стадионында болған баспасөз мәслихатында Лионель Месси көз жасын ұстай алмады.

Лионель Месси "Барселонада" 2000 жылдан бері ойнап келеді және 2003 жылдан бері негізгі құрамда өнер көрсеткен. Ол Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогі мен Суперкубогінде 7 реттен, Чемпиондар Лигасында 3 рет, Еуропа Суперкубогінде және клубтық ӘЧ-де 3 рет чемпион атанған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети