Microsoft 14 қаңтардан бастап Windows 7 операциялық жүйесін қолдауын тоқтатады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Microsoft 14 қаңтардан бастап Windows 7 операциялық жүйесін қолдауын тоқтатады Сурет: Риа Новости

Microsoft корпорациясы 14 қаңтардан бастап Windows 7-ні қолдауын тоқтатады. Қолдаланушыларда операциялық жүйенің нұсқасын ауыстыру үшін тағы 10 күн бар, өйткені "жеті" енді жаңартылмайды және тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алмайды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Microsoft корпорациясы 14 қаңтардан бастап Windows 7-ні қолдауын тоқтатады. Қолдаланушыларда операциялық жүйенің нұсқасын ауыстыру үшін тағы 10 күн бар, өйткені "жеті" енді жаңартылмайды және тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алмайды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Windows 7 он жыл бұрын киберқауіпсіздік мүлдем басқа кезде ойлап табылған. Кибершабуылдардың жаңа түрінің немесе жаңа технологиялардың пайда болуы - қауіп-қатер тұрғысынан операциялық жүйені қайта қарауға себеп болды. Windows 10 құру кезіндегі басты қағида - киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіп-қатерлердің жаңа түріне қарсы тұру еді. Microsoft Windows 10-ды жетілдіру және өзектендіру үшін бар күшін жұмылдырады", - деді Microsoft баспасөз қызметі.

Windows 7 орнатылған компьютерлер 2020 жылдың 14 қаңтарынан бастап хакерлер үшін жеңіл олжа болып қалу қаупі бар. Сондықтан әзірлеуші оны жаңарту қажеттігі туралы мәлімдеді. 

Сондай-ақ, қолдаланушылар құрылғысы заманауи талаптарға сай болмаса, оларды жаңартуы қажет.

"Windows 7-де шыққан заманауи емес құрылғыларды, яғни, мораль тұрғысынан ескірген девайстарды жаңартақн кезде олардың өнімділігі төмендетуі мүмкін", - деп қосты Microsoft баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен қатар, компания өкілдері ескірген құрылғылар Windows 10-ның негізгі қауіпсіздік мүмкіндіктерін қолдамайтынын айтты, олар: биометриялық датчиктер, қауіпсіз жүктеу құралдары, аппараттық виртуализацияны қолдайтын процессорлар және басқа да аппараттық компоненттер.

"Windows Hello көпфакторлы аутентификация платформасым техника иесінің келбетін, саусақтың немесе алақанның ізін пайдалануға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети