21 маусым 2021 10:04

Сарапшы аптап смартфондарды қалай "өлтіретінін" айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ресей сапа жүйесінің цифрлық өнімдерді тестілеу бойынша аға маманы Сергей Кузьменко жазда гаджеттерді дұрыс қуаттамаудан неліктен өрт шығатынын және аптаптың смартфондар мен өзге техниканы қалай "өлтіретінін" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


Ресей сапа жүйесінің цифрлық өнімдерді тестілеу бойынша аға маманы Сергей Кузьменко жазда гаджеттерді дұрыс қуаттамаудан неліктен өрт шығатынын және аптаптың смартфондар мен өзге техниканы қалай "өлтіретінін" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Смартфондар мен өзге гаджеттер қуаттау кезінде айтарлықтай жоғары температураға дейін қызады. Егер олар автоматты түрде өшпейтін болса, демек, бәрі қалыпты. Сарапшының айтуынша, егер қуаттағыш адаптерімен қатар қуаттағыш құрал немесе смартфонның өзіне күн сәулесі тікелей түссе, техниканың істен шығуы мүмкін.

"Мұндай жағдайда пластик жұмсарып, тіпті еріп кетуі мүмкін, соның салдарынан байланысқан құрылғылар бірігіп, қысқа тұйықталудың болуы ықтимал. Тіпті, мұндай жағдайдан соң токқа қосқан кезде құрылғының өзі немесе қуаттау адаптерінің өртенуі мүмкін", - деді Сергей Кузьменко Sputnik радиосындағы әңгімесінде.

Оның айтуынша, қатты қызып кететін смартфон немесе өзге гаджетті жылдам салқындатуға тырыспау керек.

"Құрылғыны қуаттау кезінде температура 50 немесе 60 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Сол кезде оны салқындату үшін желдеткіш қолданылса, температураның төмендеуінен құрылғының ішінде конденсат болады. Ал, ол кез келген электрониканың жұмысына кері әсер етеді", - деді сарапшы.

Сарапшының айтуына қарағанда, қызып кеткен құрылғы одан әрі жұмыс істеуі үшін оны өшіріп, біраз уақытқа қараңғы жерге қою керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети