14 шілде 2023 11:11

17 жастағы қазақстандықтар автоматты түрде әскери есепке алынады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2024 жылдың қаңтарынан бастап 17 жастағы ер-азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2024 жылдың қаңтарынан бастап 17 жастағы ер-азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап пилоттық жоба аясында 17 жастағы ер-азаматтарды әскери есепке алу автоматты түрде өтеді. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастамасын Премьер-министр, мүдделі мемлекеттік органдар, облыс, қала әкімдіктері қолдады.

Оны жүзеге асыру мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн түрлендiру мен интеграциялаудың арқасында мүмкiн болды. Бұл елiміздің 16 жастан 60 жасқа дейiнгi ерлерді әскери есепке алумен толық қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi",- делінген хабарламада.

Енді 17 жасқа толған ер-азаматтарды тіркеу жыл сайын жүргізіледі. Әскери қызметке жарамдылығын тексеру міндетті түрде жүзеге асырылады.

Ол үшін денсаулық сақтау ұйымдары профилактикалық медициналық тексерулерді бір айынан 18 жасына дейінгі балаларды динамикалық бақылаумен жүзеге асырады. Сондай-ақ, 15 пен 18 жас аралығында жалпы практика дәрігерлері бейінді мамандардың қорытындысын және зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, олардың денсаулық жағдайына кешенді бағалау жүргізеді. Бұл туралы деректер Қорғаныс министрлігімен біріктірілген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қызметті автоматтандыру әскерге шақыру учаскелерін ұйымдастыру және тіркеу үшін әкімдіктерге жыл сайын бөлінетін миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қаражат дәрігерлік комиссия мүшелеріне еңбекақы төлеуге, шалғай ауылдық округтерден ер-азаматтарды әскери комиссариаттарға жеткізу, кеңсе тауарларын алу және басқа да қажеттіліктерге жұмсалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети