17 наурыз 2023 17:00

3 қаладағы арнайы операция: Ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ІІМ Ресейдің ФҚҚ-мен бірлесіп, Байқоңыр қаласы мен Қызылорда облысындағы криминогендік жағдайды сауықтыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, қаңтарда екі елдің арнайы және құқық қорғау органдары Қазақстан мен Ресей азаматтары қатысқан қоғамдық қауіпті қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

"Аталған жұмысты жалғастыра отырып, ҰҚК аса қатыгездікпен ерекшеленетін кезекті ұйымдасқан қылмыстық топты жедел зерделеуге алды. Оның қатысушыларының ауыр жалпы қылмыстарға (кісі ұрлау, бопсалау, ұрлық, кісі өлтіруге оқталу) қатысуы құжатталды", - делінген хабарламада.

15-16 наурызда ҰҚК-ФҚҚ, сондай-ақ ІІМ және прокуратура қызметкерлері қатарынан мемлекетаралық жедел-тергеу тобы Алматы, Қызылорда және Байқоңыр қалаларында қылмыстық әрекеттің 13 жетекшісі мен белсенді қатысушыларын ұстау бойынша біржолғы арнайы операция жүргізді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ұсталғандардың өзге де қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети