1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Әкімдікке сендім". Түркістан облысында ауыл тұрғындары шу шығарды 23 қазан 2020, 08:46

Түркістан облысы Сарапхан ауылының тұрғындары халықтың ақшасына салынған спорт нысаны арзан сатылғаны үшін шу шығарды. Бұл туралы "Бірінші арна
Видеодан кадр Видеодан кадр

Түркістан облысы Сарапхан ауылының тұрғындары халықтың ақшасына салынған спорт нысаны арзан сатылғаны үшін шу шығарды. Бұл туралы "Бірінші арна Еуразия" сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Футбол алаңы, ғимарат және мінбер миллион теңгеге сатылған. Ауыл тұрғындары сауда заңсыз болды және арзан сатылды деп есептейді.

Олардың айтуынша, стадион құрылысына 14 миллион теңге жұмсалған. Кезінде бұл жерде футбол матчтары өткен, балалар спортпен шұғылданған. Бүгінде қақпа жарамсыз, қоршауы мен мінбер құлаған.

"Мен әкімдікке сендім. Олар маған былай деді: сен стадионды тұрғыз, ал біз өз қарауымызға алып, басшы қоямыз. Соңында ештеңе істеген жоқ. Біз спорт кешеніне өз күшімізбен қарадық", - деді  бес жыл бұрын стадион құрылысына атсалысқан спортшы Ержан Долдаев.

Долдаевтың айтуынша, әкімдіктегілер оған жерді аукцион арқылы сатып алуға рұқсат береміз деген. Тұрғындар алдымен футбол алаңын тұрғызды, кейін бокс және күреспен айналысатын зал ашамыз деп жоспарлаған. Алайда биліктегілер ғимаратты миллион теңгеге сатып жіберген. Жергілікті кәсіпкерлер аукционнан жеңіліп қалған.

"Жердің өзі 10 миллион тұрады, 12 миллион шығындадық. Олар мұны біле тұра миллионға сатып жіберді. Мен мұның артында бір нәрсе немесе біреу тұр деп ойлаймын", - деді тұрғын Рақымберді Қаленов.

Әкімдіктегілердің айтуынша, аукцион заң аясында өткен. 

"Біз дәл осы жерде тұрғанын білмедік қой. Біз қоршау жасалғанын және кішкентай территорияға мінбер қойылғанын білеміз. Мамандарды шақырдық, олар бағалады. Сомасын заңгерлер анықтады", - деді Сарапхан ауылдық округінің әкімі Әбілқасым Тұрғараев.

Заң бойынша жаңа иелері спорт кешенін дамыту керек. Бірақ ауыл тұрғындарының айтуынша, олардың басқа жоспары бар. Жаңа қожайын стадионды 22 миллион теңгеге сатуды жоспарлап отыр. Сатылым туралы хабарландыру арнайы сайттарда жарияланған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!