17 желтоқсан 2018 | 09:32

Ақтауда "Мифтер алаңы" ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов 15-ықшамаудандағы "Самал" жағалауы жаңа учаскесінің ашылу салтанатына қатысты.


Иконка комментария блок соц сети

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов 15-ықшамаудандағы "Самал" жағалауы жаңа учаскесінің ашылу салтанатына қатысты.

Президент Нұрсұлтан Назарбавтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында айтылғандай: "Қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр. Біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді".

Мифтер алаңына 13 кішігірім сәулет туындылары орнатылды. Бұл мифтік кейіпкерлер - Суын айғыр, Нұр Төле, Аққу, Түйе үстіндегі қыз, Айдаһар, Асан-қайғы тағы да басқалар.

"Бүгінде "Каспий" теңізінің жағалауы ажарланып, туристер мен қонақтардың, жергілікті тұрғындардың сүйікті орнына айналды. Елбасы өзінің "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында: "Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі - "аң стилі" өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған", деген болатын.

Мақалада орын алған ойлар міне бүгін алдарыңызда көрініс тауып, түркі әлемі мифологиясының кейіпкерлеріне жан бітіп, өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақтауға септігін тигізеді деп білемін. Бұл ойлар қазақ мифологиясының негізін қалаушы, зерттеуші-ғалым Серікбол Қондыбай еңбектерінде де көрініс тапқан. Сонымен, өздеріңіз көріп отырған Асан-қайғы бейнесі. Ол ХІV ғасырда өмір сүрген, данышпан, ақылгөй жырау. Қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "Дала философы". Желмаяға мініп халқы үшін "Жер жаннаты жерұйықты" іздеген тұлға. Сарыүйік жылан бейнесі. Көне қазақтың дүниетанымындағы киелі нышанның белгісі. Күнбасты Тәңір бейнесі. Тәңір- түркі дүниетанымындағы жоғарғы Жаратушы. Көкбөрі бейнесі. Күллі түркі әлемінің басты тотемі. Ұлы Дала сақшылары бейнесі. Өлкенің 2000 жылдық тарихынан сыр шертетін дай-массагет, сармат дәуірінің ерекше ескерткіштері. Осының бәрі өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақталады деп сенемін", - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, жағалауда ұзындығы 102 метр, ені 24 метрді құрайтын баспалдақ салынды. Бұған қоса 50 949 шаршы метр кеспе тас, 4 496 шаршы метр көгал, ұзындығы 1 800 метрді құрайтын веложол, 6 алаңнан құралған 100 метр миф алаңы мен 300 көлікке арналған автотұрақ бар. Мерекелік шара барысында жергілікті театр өнерпаздарының қатысуымен "Ұлы мұра ұрпаққа аманат!" тетарландырылған шеру өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети