09 сәуір 2019 16:15

Актрисаның өлімі: Ілияс Карға қатысты үкім өзгеріссіз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz фотоколлажы © Tengrinews.kz фотоколлажы

Алматы қалалық апелляциялық алқа отырысында Ілияс Кардың ісі қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішісі.


Алматы қалалық апелляциялық алқа отырысында Ілияс Кардың ісі қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішісі.

Іс сотталушы өкілінің өтініші бойынша қаралды. Ілияс Кардың адвокаты бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертуді сұрады. Атап айтқанда, қорғаушы тарап сотталушының қылмысты мас күйінде жасады деген үкімімен келіспейді. 

"Үкім оның шектен тыс қатаңдығына байланысты заңсыз шығарылған және келесі негіздер бойынша өзгертілуі тиіс деп ойлаймыз. Менің қорғауымдағы азаматқа сот ең ауыр жаза тағайындады. Бұл үкім өрескел заңбұзушылықпен шығарылды. Сот жан-жақты және толық объектив тергеу үшін заңмда қарастырылған барлық шараны қабылдамады", - деді адвокат.

Сот сотталушының және жәбірленуші тараптың адвокаттарын, сондай-ақ прокурордың барлық дәлелін тыңдап, қаулы шығарды: Ілияс Карға қатысты бұрын шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдыру.

Еске салайық, Ілияс Кар 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол қауіпсіздігі минимал мекемеде жазасын өтейді. Сонымен қатар, ол көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырылды.

Сондай-ақ, сот айыпталушыны зардап шеккен төрт адамның өкілдеріне моральдық шығын ретінде әрқайсына 3 миллион теңге төлеп беруді міндеттеді. Мұның алдында жәбірленуші тараптың өкілдері 10 миллионнан сұраған еді. 

Оқиға 2018 жылы 29 желтоқсанда болған. Mercedes Gelandewagen автомобилін жүргізген Ілияс Кар Mitsubishi Galant көлігін соққан. Нәтижесінде 33 жастағы жүргізуші Бақытнұр Құнапияұлы, 45 жастағы Шолпан Елгезекова және 40 жастағы Динара Хамитова қаза тапты. 41 жастағы Айзада Сатыбалдиева ауыр халде емханаға жеткізілген.

Айта кетейік, осыған дейін жол апатын жасаған Ілияс Карды прокурор сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Ол Шакир Джумазовқа да қатысты шешім қабылдауды сұраған, себебі ол куәгер ретінде жол апаты болған күні айыпталушының ішімдік ішпегенін айтқан. Алмалы аудандық соты жантүршігерлік жол апатына кінәлі деп айыпталған Ілияс Кардың мүлкіне тыйым салды

Ілияс Кардың өкілдері сот шешімінің алдында Хамитовтың отбасынан басқа барлық жақтың материалдық шығындарын өтеген.

Алматыда актриса қаза тапқан жол апатына қатысты жаңа дерек шықты

Сотталушы көлік жүргізуде 15 жылдық тәжірибесі бар екенін және жол-көлік оқиғасына бұрын-соңды түсіп көрмегенін атап өтті. Жол-көлік оқиғасы алдында ол мейрамхана мен караокеде болғанын, бірақ ішімдік ішпегенін айтты. Оның айтуынша, ол онкологиялық ауруға шалдыққан. Кейін ол не үшін жол-көлік оқиғасынан орнынан кетіп қалғанын айтып берген еді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети