04 ақпан 2022 13:25

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 5, 6 және 7 ақпандағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 5, 6 және 7 ақпандағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктер өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады. Сондықтан жауын-шашын жауып, солтүстік, орталық өңірлерде көктайғақ болып, тұман түсіп, екпінді жел мен бұрқасын болуы мүмкін.

"Батыста түнде 15 градус аязға дейін, күндіз 3 градусқа дейін жылы болып, солтүстік-батыста 18 градус аязға дейін, күндіз 13 аязға дейін температура төмендеуі мүмкін. Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы түнде 20 градус, күндіз 10 градусқа дейін аяз болады", - делінген хабарламада.

Ауа температурасы еліміздің орталығы мен шығысында: түнде 28 градусқа дейін аяз, күндіз 2 градус жылы болуы мүмкін.

"Республиканың оңтүстік-шығысында түнде 11 градус аяздан 2 градусқа дейін жылы, күндіз температура 10 градус жылы, таулы аудандарда 12 градусқа дейін жылы, таулы аудандарда 1-6 градус аяз болады. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы ауытқуы мүмкін: түнде 11 градус аяздан 5 градусқа дейін жылы, күндіз 1 градус аяздан 5 градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети