10 маусым 2023 17:46

Әлихан Смайылов ТЖМ ұжымына жаңа министрді таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановқа тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Премьер-министр Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановқа тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар министрлігі ұжымына жаңа басшы – Сырым Шәріпхановты таныстырды.

Әлихан Смайылов ведомствоның алдында азаматтық қорғау саласындағы Мемлекет басшысы мен Үкімет белгілеген бірқатар маңызды міндет тұрғанын атап өтті. Бұл ретте қазіргі уақытта Абай облысындағы ірі табиғи өртті оқшаулау және жою аса маңызды.

Сонымен қатар, премьер-министр мұндай жағдайлардың алу үшін арнайы шараларды орындау деңгейін арттыру маңызды екенін айтты.

"Сіз бүкіл процесті үйлестіріп отыруыңыз керек. Бұл ірі өрттердің алдын алу және су тасқыны мәселелеріне де қатысты. Біз осындай ірі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдап отыруымыз керек. Азаматтық қорғау органдарының жұмысы мен жылдамдығына көп нәрсе байланысты", - деді Әлихан Смайылов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сырым Шәріпханов төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалғаны хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети