19 сәуір 2021 18:00

Алматы облысының әкімдігі екі күнге караоке жалға алмақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасындағы Jetisy media екі күнге караоке жалға алмақ болған. Тапсырыс мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Ішкі саясат басқармасындағы Jetisy media екі күнге караоке жалға алмақ болған. Тапсырыс мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 ақпанда мемлекеттік сатып алу сайтында мемлекеттік кәсіпорын екі күнге караоке жалдау бойынша өтінімдер қабылдайтынын жариялады. Бұл қызметке 195 мың теңге ұсынылды. 

Алматы облысы ішкі саясат басқармасының Jetisy media КММ өкілдері өтінім жойылғанын хабарлады. Бұған дейін "Интернетсіз 7 күн" реалити-шоу форматында караоке-конкурс өткізу жоспарланған болатын.

"Караоке қызметі Алматы облысының тұрғындары арасында іс-шара өткізуге арналды. Жобаның мақсаты - интернеттің күнделікті өмірдегі маңызын төмендету және одан тыс өмір өте қызық және пайдалы екенін көрсету. Бүгінгі ұрпаққа өмірді интернетсіз елестету қиын. Зерттеулерге сәйкес, адамдар ғаламторда, атап айтқанда әлеуметтік желілерде барған сайын көбірек отыра бастаған. Ұсыныс өшірілгеніне назар аударайық. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл іс-шара басқа форматта өтеді", - деп хабарлады Jetisy media өкілдері.

Еске салайық, Алматы облысында караоке қызметі бас мемлекеттік санитария дәрігердің 9 сәуірдегі №8 қаулысына сәйкес тоқтатылды. Алайда Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысы бойынша, караоке қызыл аймақта болса да 5 мамырдан бастап Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істей алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети